Индерде белгілі суретші Тілек Халиннің шығармашылық кеші өтті

ATPress.kz. 26 желтоқсан. Индер ауданында Бүкілодақтық шығармашылық конкурстың лауреаты, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, ақын Тілек Халиннің шығармашылық кеші өтті.

«Өмірді жырлап келемін мың бояулы» деп аталған кеш шығармашылық иесінің үлкен сурет көрмесімен ашылды. Оны келушілерге қашанда қарапайым Тілек ағамыздың өзі таныстырып, ауылдық жерлерде де осындай галереялар ашылса, жастарды  рухани жағынан да байыта түсер еді деген тілегін айтты. 

Танымал суретші Әділхайыр Жантасовтың айтуынша, Тілек Халин – ауыл өмірі мен табиғатын, оның адамдарын бейнелеуімен ерекшеленеді. «Оның қолтаңбасы – дара. Қайталанбайды. Басты ерекшелік те осында», - дейді суретші Әділхайыр Жантасов

 

С. Бисенов