Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында «Тентек шал» ертегісі сахналанбақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Театрдың баспасөз қызметінен білгеніміздей, балаларға арналған шара 23 наурыз күні театр ғимаратының кіші залында өтеді деп жоспарлануда. Қойылым режиссері – Б.Өтеғалиев, суретші – Т.Қоесов. Билеттерді театр кассасынан немесе 32-21-77 және 8(702)7775686 нөмірі арқылы алуға болады.
Айта кетейік, театрдың көркемдік жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері Темірбек Мұхтаров.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ