Амангелді Есенғалиевтың шығармашылық кеші өтті

Махамбет ауданы, “Өнерпаз” мәдениет үйінде ақын Амангелді Есенғалиевтың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кешке аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, Амангелді Құралбайұлының замандас достары ақын-бауырлары, облыстық айтыс ақындары, өнер мен мәдениеттің жанашырлары және Амангелді Есенғалиевтың шығармашылығының оқырмандары қатынасты. Шарада ақынның өлеңдері оқылды, сондай-ақ, оның шығармаларына арқау болған әндер орындалды.

Қайрат Есқабылұлы поэзияда орны ерекше, ауданның мақтанышы, облыста айтыста талай мәрте түрен салған, абыройлы да ардақты ақынды жарымен бірге 70-жас мерейтойымен құттықтап елдің ықыласын көрсетіп иығына шапан жауып, “Құрмет” грамотасын табыстап, кеудесіне “Дауылпаз” медальын тақты.

«Амангелді ағамыздың өлеңдерінде біз туған жерімізді аңсаймыз. Оның өлеңдерінен Жалғансайдың даласына деген махаббатты, Махамбетке деген ұлы сағынышты байқаймыз. Әбекеңнің өлеңдері өміршең»- деп атап өтті Қайрат Есқабылұлы.

Возможно, это изображение 4 человека, помост и текст