«Таза Қазақстан» акциясы – Жұмыскерде

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Инфо Орталық» ҚБ ұйымдастыруымен және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен өңірде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясы осы сенбіде де одан әрі жалғасты.

Бұл жолы ол Атырау қаласына қарасты Жайық жағасында орналасқан Жұмыскер ауылының аумағында өткізілді. Елдік шараға жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру орындарының студенттері, белсенді жастар қатысты. Акция барысында Жайық жағалауы қоқыстаан тазартылып, тиісті жеріне шығарылды.