Былтыр қарашада Құрманғазыда төгілген мұнай өнімдеріне кінәлілер анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық экология департаментінен білгеніміздей, кінәлі тарап 459 450 теңге айыппұл арқалады.
Айта кетейік, сұйық мұнай өнімдеріне ұқсас заттар Сүйіндік ауылдық округіндегі «Ыдырыс» және «Шегенді» қыстақтарының аралығында анықталған болатын. Бүлінген жер 50 шаршы метр аумақты құрайды. Бұл жерде былтыр тамыздан бері «SMART-OIL» мекемесі барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.
Ал, кінәлі – мердігер мекеме «Капуанов Б. З.» шаруа қожалығы екені белгілі болды. Өздері де кінәларын мойндап отыр.
Фото: ашық дереккөз