Қызылқоға ауданында елді мекенді су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қызылқоға ауданының Ойыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты айналма жол бойындағы ең қауіпті учаскедегі Миялы ауылының тұрғын үйлерін қорғау бағытында жұмыстар қолға алынды. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар жұмылып, жер үйіндісін тұрғызу және құм салынған қаптардан бөгет соғу жұмысына кірісіп кетті.
«13 сәуірде Атырау қаласынан Миялы ауылына Департамент бастығының орынбасары полковник Асқат Ержанов басшылығымен Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Сол күні сағат 18.00-ден бастап мотопомпалармен (7 дана) су сору жұмыстары жүргізілуде. 14 сәуір күні сағат 01.00-ден бастап Атырау қаласынан келген ПНС-100, АР-2 техникасы су айдауға орнатылды» делінген хабарламада.
Ал, бүгін, яғни 14 сәуір күні сағат 09.00-ден бастап Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисенбиев пен департамент бастығының орынбасары, полковник Асқат Ержанов жағдаймен танысу үшін Ойыл өзенінің арнасы бойынша Ақтөбе облысының Қорғау ауылына дейін тексеру жүргізіп, жағдайды бақылауға алды.
Айта кетейік, қауіптің алдын алу жұмыстарына жергілікті атқарушы органның 80 адамы (30-ЖАО, 50 жергілікті тұрғындар) және 7 бірлік техника, 6 мотопомпа, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері және 3 бірлік техника, 1 резеңке моторлы қайық, 1 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, Индер ауданынан 15 мотопомпа жеткізілді.