Қарабатанда не боп жатыр?

Атыраудың бас экологы желідегі жазбаға жауап берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Әлеуметтік желілерге «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің арнайы экономикалық аймақта (СЭЗ) орналасқан  аумағынан бастап жердің астына көмілген құбырдан белгісіз лас суды жер бетіне рұқсатсыз төгіп жатырғандығы туралы бейнежазбалар жарияланған. Осылайша, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларын бұзушылық орын алған. Департаментпен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

"Тексеріс нәтижесімен көрсетілген деректер расталды.Бүгінгі таңда, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не осы бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1 тармағына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, нәтижесімен 10 448 382,23 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, экологиялық рұқсатсыз жергілікті жердің бетіне сарқынды суларды ағызуды жүзеге асырмауға және бұрын төгілген суларды жер бетінен сорып тазалау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді" дейді облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.