Атырауға аяз келе жатыр

Алдағы үш күнде елімізде аязды ауа райы күтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазгидромет еліміздің көп бөлігінде, соның ішінде мұнайлы мекен Атырауда да күн суытатынын мәлімдеді.

“Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Түнде 6 желтоқсанда Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжануда” делінген хабарламада. 

Фото: ашық дереккөз