2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Қазгидромет" Атырау филиалы бүгін, 20 наурыз сағат 08.00-дегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады. Ембі-Аққызтоғай деңгейі 209 см, қауіпті белгі 340 см., тәулігіне + 25 см., су деңгейінің ауытқуы күтіледі, жоғарғы ағыстан ағынның шығуына байланысты. Ойыл-Миялы деңгейі 332 см, тәулігіне +30 см. су деңгейінің ауытқуы күтілуде, бұл ағынның жоғарғы ағысынан шығуына байланысты. Сағыз деңгейі 600 см, тәулігіне +81 см. су деңгейінің ауытқуы күтілуде, бұл ағынның жоғарғы ағысынан шығуына байланысты.