Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромед".

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, сейсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

  Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.