Атырауда ауа райы күрт бұзылмақ

Бүгін, яғни, 19 желтоқсанда еліміздің сегіз аймағында, соның ішінде Атырауда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысының батыс бөлігінде қолайсыз ауа райы, дәлірек айтқанда, тұман мен көктайғақ күтіліп отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәлімдеді.

Бұдан бөлек ауа райының бұзылуы Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелмек.

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ