Ақтоғайда балық қырылып жатыр

Бұл туралы Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлаған.

Хабарламада Павлодар облысының Ақтоғай ауданы мен Ақсу қаласы маңындағы су нысандарында балық қырылғандығы айтылады.
Инспекция мәліметіне сәйкес, 19 сәуірде арнайы комиссия Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылына жақын маңдағы Ломовая атты өзеніне барған.
Павлодар облысы экология департаментінің мамандары су сынамасын алды.
"Балық қырылған жерді тексеру кезінде комиссия Ильюшка шағын өзенінің бір жерінде мұздатудың болғанын анықтады. Ильюшка шағын өзенінде балықтың қырылуының нақты себебі Павлодар облысының экология департаментінен зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген ақпаратта.