COVID-19: Атырауда індет сейіліп келеді

Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 48 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 39 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды.

 Ал, 4 - Жылыой ауданында, 1 - Исатай ауданында, 1 - Құрманғазы ауданында, 1 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

 Коронавирустық инфекциясы бар 19 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 49 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 696 адам емделді. Қазір 6 048 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 23, модульдік ауруханада - 150, фтизиопульманологиялық орталықта - 53 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 50.

 Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.