Қазақстанда мектеп формасының талаптары өзгерді

Білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, қыздарға да, ұлдарға да мектеп формасының элементтеріне түймелері немесе сырмалы құлып бар тоқылған жемпір / кардиган, поло жейде немесе футболка қосылады.

Ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

пиджак, жилет, шалбар, көйлек, күнделікті жейде немесе түймелері әлде сырмалы құлып бар тоқылған куртка/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет). Ер балаларға арналған шалбар, ұзын және аяқтың тобығын жабады.

Мектеп формасына ерекше белгілерді: эмблеманы, патчты, шевронды және басқа да орта білім беру ұйымдарының атауларын орналастыруға рұқсат етіледі.

Мектеп формасына арналған маталар ретінде тозуға төзімділігі жоғары, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарды қолданған жөн. Бұрын бұл міндетті талап болатын.

Мектеп формасы мәселелерін талқылауға балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитеті қатысып, өз ұсыныстарын енгізуі көзделеді.

Мектеп формасының стилін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және жалпы мектеп ата-анасының хаттамасымен бекітетін кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептің өзін-өзі басқару органы) анықтайды.

Бұл ретте білім беру органдары отандық өндірушілерден мектеп формасын сатып алуды ұсынуы мүмкін, бірақ олар мектеп формасын шығаратын жекелеген өндірушілерге артықшылық бере алмайды.

Мектеп формасын сатып алғанда, ата-аналар өндірушіні таңдауда тәуелсіз.

Бұйрық 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка немесе түймелері әлде сыдырмалы құлып бар тоқылған куртка/кардиган, поло жейде немесе футболка (қыста: тоқылған жилет, сарафан). Бос және ұзын қыздарға арналған шалбар аяқтың тобығын жауып тұруы шарт.

Сонымен бірге, киім үлгісіне (ұлдарға ақ көйлек, қыздарға ақ блузка) қойылатын талап алынып тасталды.

Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.