Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беру, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет.
Осы тұрғыдан алғанда, ғылыми-технологиялық Хакатондар тиімді құрал болып табылады, олар өндіріс, ғылым өкілдерін және шешім қабылдайтын басқару құрамын бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған ғылыми-инновациялық Хакатонда бірқатар ғылыми-технологиялық тақырыптар айқындалды. Ғылымның күш-жiгерi кәсiпорындардың нақты қолданбалы қажеттіліктерін шешуге бағытталатын болады. Хакатон қорытындылары бойынша ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа тетіктері мен тәсілдері, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсарту, сондай-ақ жаңа өнім өндіру үшін, оның ішінде ұлттық экономика тұтынушыларының қажеттіліктерін жабу үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілету және экспорттық шешімдер әзірленуде.
Қазіргі уақытта ERG, KazMinerals, KazAtomProm сияқты ірі компаниялармен және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындармен ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, Президент 102 Заң қабылданғанын, оның ішінде ғылым мен бизнестің интеграциясын тереңдетуге бағытталған коммерцияландыру саласындағы Ғылым қорының функцияларын кеңейткен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның қабылданғанын атап өтті.
Жаңа функциялар қолданбалы ғылыми жобаларды ілгерілету және қолдау құралдарын әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді, мысалы, акселерация және инкубация қолданбалы ғылыми жобаларды жоспарлау және іске асыру жөніндегі тәсілдерді оларды бизнес-бағдарланған ортаға неғұрлым орнықты ете отырып және кәсіпкерлермен интеграциялану мүмкіндіктерін арттыра отырып, өзгертуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде венчурлік қаржыландыруды дамыту тәсілдерін іске асыру жобаларды қаржыландыру тізбегін кеңейтуге мүмкіндік беретін қолдаудың жаңа құралын, оның ішінде deeptech жобаларына инвестициялар тартудың бастапқы раундтарында да, сондай-ақ жаңа нарықтарға масштабтау және экспансия кезеңінде де енгізуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар ел экономикасына ғылымның үлесін арттыруға серпін беретіні сөзсіз.
2022 жылдан бастап біз қолданбалы ғылыми жобаларды қаржыландырудың тұрақты өсуін байқап отырмыз, бұл осы саладағы тұрақты дамуға негіз болады. Ғалымдар жоғары белсенділікті және жеке инвесторлармен сапалы өзара қарым-қатынасты көрсетуде, себебі экономиканың басым секторларының өтінімдері бойынша жеке қаржыландыруды міндетті түрде тарту Қордың гранттық қаржыландыруының талабы болып табылады. Түпкілікті нәтиже ғылымды қажетсінетін экономика үшін көптеген өндірістер құру, жаңа жұмыс орындары, таяу және алыс шет елдерге экспортты жүзеге асыру болады.
Ақатов Камиль Ерғалиұлы,
«Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы
Суретті түсірген: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ