Екі қабатты бөбекжай 280 орынға лайықталған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Нысанның аумағы 1,80 га құрайды. Ғимараттың жобасын жасаушы – «Стройдизайнсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жергілікті бюджет есебінен салынып жатырған білім нысанының құрылысын «ARSM» мердігер мекемесі жүргізуде. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы. Қалалық білім бөлімінің басшысы Аманбай Хұсынов өңірдегі балабақшаларда орын жеткіліксіз екенін айтып, бүгінде ата-аналардан арыз-шағым көп түсетінін жеткізді. Осы орайда, ол жаңа бөбекжайлар мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтуда бірқатар мәселелерді шешпек дейді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ