Бүгін Атырауда оқушылар мен студенттер қашықтықтан білім алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Атырау қаласы, Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында, «Ақжайық» МТР аумағында жанған қамыс иісі қала аумағын басуына орай бүгін, 3 сәуір күні мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтықтан білім алады" делінген ресми хабарламада.
Қосымша ақпараттар хабарланатын болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ