21 Қаңтар, 2023 4550

Атырау қаласының бас педагогы қызметінен кетті

 Атырау қаласының бас педагогы қызметінен кетті

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева қызметінен босатылды, деп хабардайды AtyrauPress. 

Бұл ақпаратты Атырау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі растады. Ф.Шангереева өз еркімен қызметінен кету жөнінде өтінішін қалдырған. 

Ол қаланың білім саласына 3 жылдан астам уақыт жетекшілік етті. Бұл қызметке дейін ол Ж.Досмухамбетов атындағы облыстық лицейдің директоры болған.