Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аудандағы Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №402 бекетін электрмен жабдықтау жұмысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Жуырда құрылыс жұмыстарының пайдалануға беру актісі тапсырылып отыр.
- Нысанның жалпы ұзындығы 6,33 шақырымды құрайды. Аталған бекетке 2100 кВА қуаты бар трансформаторлық қосалқы стансасы және 40 сыртқы жарықтандыру шамы орнатылды. Қазіргі таңда «ЭнергоСату» ЖШС мекемесімен есептеу құралдарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде, - деді Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қонысалы Төлеуов.
Айта кетейік, бұған дейін Доссор кентінде 1,89 шақырым ток желілері, 1 дана 160 кВа трасформаторлық қосалқы стансасы орнатылған еді.