Атыраулық құтқарушылар 2000 тұрғынға қауіпсіздік жадынамасын үлестірген

Жайық өзеніне қатқан мұздың қалыңдығы 10 сантиметрге жетті. Дегенмен, құтқарушылар қауіпсіздікті сақтауға шақыруда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
- 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап мұздың қатуына байланысты рейдтік шаралар және мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін ескерту бойынша іс- шаралар атқарылуда. Балалар басты назарда болғандықтан, құтқарушылар білім беру ұйымдарында сабақ өткізіп, зардап шегушіге көмек көрсету техникаларын үйретуде. Тұрғындар мен балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік туралы үгіт-насихат жүргізіліп, жадынамалар таратылуда. Рейдтік шараларды полиция департаментінің қызметкерлері және еріктілермен бірге атқарудамыз, - деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының басшысы Самат Қумашев.
Қыс басталғалы бері құтқарушыларға үш қоңырау келіп түскен.