Атырау қаласында әуесқой балықшылар қайығы бір-бірімен соқтығысты, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін шамамен сағат 07:00-де Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы, Жайық өзені, 6-шы өзек сол жақ беті бойында екі қайық соқтығысты.
Оқиға салдарынан 50 жастағы азамат ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді.
Өкінішке қарай, 51 жастағы екінші азамат оқиға орнында қайтыс болды.
Полицейлер 31 және 35 жастағы қайық жүргізушілерінің су көлігін басқаруға рұқсат қағаздары бар екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА