«Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, балық шаруашылығы саласының майталманы Орынтай Мырзашұлы Ахметовтің мезгілсіз өмірден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы артында ерен еңбегі мен ізгі өнегесі қалған марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына басқарма атынан көңіл білдірді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ