Атырауда құрманғазылық полицейлер көпбалалы ананың үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді

Құрманғазы ауданының полиция бөлімінде өткізілген офицерлік жиналыста аудан бойынша жағдайы төмен отбасыларға көмектесу туралы ұсыныс тақырыбы талқыланған. Қайырымдылық істерді жалғастыру туралы ұсынысты қызметкерлер бірауыздан қолдаған.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Махмудов Биржан Тлеккабылович Жұмекен ауылының тұрғыны отбасы жағдайы төмен, көп балалы ана Копрова Екатеринаның  отбасына көмектесу керек екендігін атап өтті. Екатерина үйінде егде жастағы сырқат анасымен бірге тұрады. Балаларының алды 3 сынып окушысы. Кенжесі небәрі 1 жаста. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаражат жинап үйін жөндеп, жаңадан терезе есік орнатады. Үйдің едені болмағандықтан ағаштан еден жасап, үйіне көгілдір отын кіргізіп, тамак пісіретін газ плита алып берген. Полицейлер 1988 ж.т. әйелдің балаларына жаңадан киім алып, оқу құралдарын сатып алып береді. Құрманғазылық полицейлер бұл қайырымдылық әрекеті алғаш рет емес. 2021 жылы  Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Күйген елді мекеніндегі жағдайы төмен отбасының үйіне көгілдір отын кіргізіп жылу сыйлаған болатын. Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Найзабек Құбашев: - Мұқтаж жандарға әрдайым қолымыздан келгенше қол ұшын беру, олардың мерейін үстем ете түсу, қолдан келгенше қайырымдылық шараларын ұйымдастыру парызымыз деп санаймыз - деді.