Атырауда орталық жолды кірпішпен жамаған...

Атырау қалалық әкімдігінің бапасөз қызметінен білгеніміздей, бұл жол жөндеу жұмыстарына дейінгі уақытша алынған шара екен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Орталық көпірдегі көрініс желіде желдей есуде.

"Жол жөндеу жұмыстары күн жылыған кезде басталады. Шамамен осы наурыз айында басталуы мүмкін. Сондықтан оған дейін жүргізушілерге ыңғайлы болсын деп осындай шара алынып отыр" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ