Атырауда нан бағасы 12%-ке өсті

Атырау супермаркеттерінің мамандандырылған бөлімдерінде нан бірден 10 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы AtyrauPresshttps agrotime.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырауда ақ нанның бағасы осыған дейін 81 теңге болса, қазір ол 91 теңгеге саудаланып жатыр.

"Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінде әлеуметтік нанның күрт қымбаттауына не себеп болғаны туралы айтылды.

"Желаевский КХП" ЖШС ұн тарту кәсіпорны бірінші сұрыпты ұнның бағасын бір килограмы үшін 155 теңгеден 165 теңгеге дейін көтерді, сондай-ақ "КАРАТ" ЖШС ұнның құнын бір килограмы үшін 145 теңгеден 155 теңгеге дейін көтерді. Осылай наубайханалар бағаны көтерді, себебі бірінші сортты ұн қымбаттады, электр энергиясының, коммуналдық қызметтердің, жанар-жағармайдың құны өсті, жұмысшылардың жалақысы көтерілді. Қазір бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 83 теңгеден жеткізіледі", – деді "Атырау" ӘКК баспасөз қызметі.

ӘКК баспасөз қызметі бағаның қымбаттауына қарамастан, өңірдің тұрақтандыру қорындағы бөлімдердегі ас атасының құны басқа дүкендердегі орташа бағадан төмен екенін атап өтті.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.