Атырауда медицина ұйымын еркін таңдау құқығын 2993 адам пайдаланған

Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов онлайн брифинг барысында айтты.

Спикер мәлім еткендей, 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізілген тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды.

Емханаға тіркеу науқаны барысында республика бойынша 247 мыңға жуық адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланған.

Атырау облысы бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 662 068 адам тіркелген ұйымдарынан медициналық қызмет ала алады.

Сонымен қатар, биылғы тіркеу науқанына республика бойынша 624,  Атырау облысы бойынша тіркеу науқанына 23 медицина ұйымдары қатынасты.

Қазіргі таңда қордың жеткізушілер тізімінде республика бойынша 1365 медицина ұйымы бар. Атырау облысы бойынша 64 медицина ұйымымен келісім-шартқа отырды, деді спикер.