Атырауда кортеж жасаған түлектер полиция басқармасына жеткізілді (+видео)

Атырау қаласында бірнеше көліктерге мініп, кортеж жасаған мектеп түлектері полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Қала аумағында оқушылар кортеж жасап, олардың көлік терезесінен денелерін жартылай шығарған видеосы тарады. Соның негізінде балалардың бұл әрекеті дер кезінде анықталды. Кәмелетке толмаған балалар полиция басқармасына жеткізілді. 

Осы ретте  ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес, яғни Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау дерегі бойынша 10 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша, яғни, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 2 автокөлік анықталды, аталған автокөліктерде болған 20 жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда ата-аналары полиция басқармасына шақыртылып, тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА