Атырауда қап-қап пияз қоқыста үйіліп жатыр (+ВИДЕО)
Атырауда қоқыс полигонында қапшықтап көкөніс төгіліп жатқан видео тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Анықталғандай, тау болып үйіліп жатқан пияздар «Агрофеликс» шаруа қожалығына тиесілі болып шықты.
«Алдыңғы жылы 40 гектарға пияз егіп едік, ол аз болды. Сондықтан бұл жолы екі есеге көбейттік. Оны жинарда жаңбыр жауып, бүлініп қалды. Қанша сұрыптасақ та, көбісі жарамсыз болып қалды. Енді оны мал да жемейді. Амал жоқ, жаңа жыл қарсаңында қоқысқа төгуге тура келді. Бұл көкөніс қорына да, бағасына да әсер етпейді. Яғни, алаңдауға негіз жоқ» дейді аталған қожалық иесі Енисей Юнь.
Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы 3 мың тоннадай пияздың үштен бірі жарамсыз болып, қоқысқа кетеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ