Атырауда бассейнге бала батып кетті

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"14 маусым күні сағат 16:30 шамасында Мұнайшы стадионындағы бассейнде 10 жастағы оқушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото AtyrauPress