Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және Білім беру басқармасы, Полиция департаменті, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АОД мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысумен Құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиында Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы және жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелесу, бұзақылықтардың алдын алу бағытында атқарылған шаралар, пробация есебінде тұрған сотталғандар арасындағы құқықбұзушылықтың профилактикасын жақсарту жөнінде және басқа да көмек бойынша мәселелерді пысықтап, өзекті ұсыныстар енгізу мен құрылысы ұзаққа созылған обьектілер және оларға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі туралы жағдайлар талқыланды.
Бұл мәселелерге қатысты әр басқарма өз ұсыныстарын тастады. Атырау облысының Білім беру басқармасы әлеуметтік желіде тұрақты отыратын балаларға ата-аналардың бақылауын ұйымдастыру үшін түсіндірме жұмысын кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық бейнероликтер жүргізуді ұсынды. Полиция департаменті мектептердегі адамгершілік-құқықтық жұмыстар бойынша тәлімгер лауазымын енгізу мәселесін қарастыруды, ал Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тұрғын үйдің құрылыстарын тиісті деңгейде жүргізбей жатқан мердігер ұйымдарды мемлекеттік қатысудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздарды беру мәселесін қарастыру, құрылысты мерзімінде аяқтамаған мердігер бойынша мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы ретінде және тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша талап арыздарды уақытында бермеген бөлімдер мен лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шараларды алу мәселесін қарастыру секілді ұсыныстарын тастады.