«Атырау – Ақпарат» медиахолдингі қызметкері Салауат Қожықов облыстық төтенше жағдайлар департаментінің марапатына ие болды.
Суға батып бара жатқан жолдасын құтқарып қалған Салауаттың бұл батылдығын бағалаған департамент басшылығы оны арнайы шақырып, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Оқиға 2021 жылдың 24 желтоқсанында болған.
Жайық өзенінің үстімен өтіп бара жатқан уақытта мұз ойылып, Ақжол Бақтыгереев суға батып кетеді.
Салауат Қожықов досының суға кетіп бара жатқанын көріп, бірден көмекке асыққан. Ол өзінің пальтосын шешіп, мұз бетінде еңбектеп, суда әлсіреп қалған жолдасын шығарып алды.
Бұл менің міндетім еді. Менің орнымда басқа адам болса да дәл солай жасайды деп ойлаймын» дейді бейбіт күннің батыры Салауат Қожықов.