Атырауда 5 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті (Видео)
Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып алып, құтқарып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының тұрғыны 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын бастап, баланы тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан тауып алған.
«Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап, шығарып алуға талпынған. Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті», - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Қазір баланың денсаулығы жақсы. Оны дәрігерлер жан-жақты тексеруден өткізді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА