Атырау қаласында жаңа басшы тағайындалды

Бүгін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Өмірбек Камалов тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған бөлім басшысының қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде Өмірбек Камалов артылған сенім үшін алғысын жеткізді.