Жылыой ауданында жастардың техникалық дағдыларларын дамыту мақсатында жаңа «JasUP» жобасы бастау алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2024 жылы робототехника, 3D модельдеу, лазерлік кесу және нақыштау, бағдарламалау, жасанды интеллект бойынша тегін курстар мен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарлануда. Жобаға 13 пен 24 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады.
Қазіргі таңда төменде көрсетілген курс түрлеріне қабылдау жүріп жатыр:
1) Робототехника;
2) 3D модельдеу + 3D принтерде басып шығару;
3) 2D модельдеу + лазерлік кесу және нақыштау;
4) Python тілінде бағдарламалау;
5) Жасанды интеллект;
6) Инженерия.
Қызығушылық танытқандар келесі сілтеме арқылы курстарға жазыла алады: https://forms.gle/ZXnci9si9KCQWHLA8
Жобаны «KazRobotics» федерациясының Атырау облысындағы филиалы «Теңізшевройл» компаниясымен және Жылыой жас техниктер станциясымен серіктестікте жүзеге асыруда.
Толық ақпарат алу үшін: @jasup.project