Ақтөбе қаласында өткен республикалық турнирден атыраулық спортшылар жеңіспен оралды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спорттық додаға ел бойынша 400-ден аса спортшы қатысқан. Олардың ішінде атыраулық команда топ бойынша 3-ші орын иемденіп, қоржынға 22 алтын, 16 күміс, 14 қола медаль салған.
Жеңімпаздарды ата-аналары мен жанкүйерлері сән-салтанатымен күтіп алды.
-Тыңғылықты дайындықтың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Сонымен қатар, Абдрахман есімді шәкіртіміз ерекше әдісімен арнайы титуль иегері атанды, - деді жаттықтырушы Расул Асланбекұлы.