Жаңа уақыт денсаулыққа салмақ салмайды

Бірыңғай сағат белдеуі адам денсаулығына зиянын тигізіп жатқан жоқ.

Бұл туралы Елордадағы медицина университетінің мамандары да мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, бірыңғай сағат белдеуін тиімсіз деуге негіз жоқ. Себебі өзгерген сағат белдеуінің айырмашылығы – бір ғана сағат. Меніңше, бір сағаттың ары-берісі адам ағзасына аса үлкен салмақ салмайды. Сол негізде алып қарағанда, бұл уақыттың адам ағзасына әсері бар деп айта алмаймыз.

Ал, Атырау өңіріне бұл өзгерістің еш қатысы жоқ. Бізде бәрі өз қалпында қалып отыр. Жалпы алғанда, сәл ғана уақыт айырмашылығының елдің әлеуметтік немесе экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді дегенге қосылмаймын. Керісінше, бірыңғай уақыт жұмыла жұмыс жасауға, өзаара өқарым-қатынас үшін де өте ыңғайлы деп ойлаймын. Сондықтан Үкіметтің бұл шешімін дұрыс деп санаймын.

Мерует Ахонова,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы

Фото: AtyrauPress