«Таңдау» жобасының ІІ легінің нәтижесінде 13 тұрғын өздерінің бизнес идеяларын іске асыру үшін қаржыландырылатын болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жоба жеңімпаздарының арасында көп балалы отбасы мүшелері және Теңіз кен орнынан демобилизацияланған тұрғындар бар.
Жоба жеңімпаздарын марапаттау кешіне аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова қатысып, жоба ұйымдастырушыларына алғысыны білдіріп, жеңімпаздарды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жеңімпаздар қалдықтарды қалдықтарды өңдеу, спорт және фитнес, клининг, типография, автосервис, жууға арналған заттарды өндіру, кейтеринг, тігін өндірісі, мектепке дейінгі білім беру және ҰБТ-ға дайындық, нан пісіру секілді бизнес түрлерін бастамақ.
Жылыойлық кәсіпкерлерге арналған «Таңдау» жобасы 2023 жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда бағдарлама 26 бизнес идеяны қолдап, 70 адамды оқытты. Жыл бойы барлығы 39 шағын бизнес пен 105 адамды оқытуға қолдау көрсетеді.