Атырау-Астрахан шекарасында Ресейден келушілер өз көліктерін арзан бағамен Бөкейхан (Котяев) тұрғындарына сатуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы біз Атырау мен Астрахан қалаларының арасында жолаушы тасымалдап жүрген такси жүргізушілерінің бірінен білдік. Аты-жөнін атамауды өтінген жүргізуші шекараға дейін келген ресейліктердің кейбірі астындағы темір тұлпарын 150-200 мың теңгеге сатып жатқанын айтады. "Көліктер жүруге жарамды. Әсіресе, ауыл ішінде қара жұмысқа пайдалануға өте ыңғайлы. Әйтпесе, жағдайы жақсы көліктердің бағасы қазір аспандап кетті. Қайта, халыққа осындай көліктерді алу тиімді" дейді ол.
Ал, облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет бұл ақпарат бойынша толық тексерліс жүргізілетінін жеткізді.