Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті еліміздің батыс өңіріндегі мемлекеттік шекараны қорғау және күзету шараларын іске асырып келеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен әкімшілік-территориялдық шекарасын қорғау міндеттеліп, бақылау бекеттерінде шекарадан өткізу шараларын қамтамасыз етуде. Аумақтық құрылымдық орналасу жері бойынша департаменттің шекара бөлімшелері мемлекеттік шекараны өзен, құрлық және Каспий теңізі жағалауы арқылы күзетеді. Бүгінде ел ұландарының қызметтік тапсырмаларды орындауына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.
Шекара бөлімшелерін қорғау күзету және жеке құрам қару – жарақпен қоса соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған. Барлық шекара бөлімшелері жаңа байланыс құралдарымен толықтырылуда, мемлекеттік шекараны күзетуге қолданатын әртүрлі қызметтік жануарлар бар. Әскери қызметшілер мезгілге сай киім-кешекпен толықтай қамтамсыз етіледі. Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, әрбір әскери қызметшіге жылына бір рет 45 күнге жуық еңбек демалысы, келісілген лауазымдық жалақы сонымен қатар отбасының әрбір мүшелеріне ай сайын тұрғын үй төлемдерін кемінде 25 000тг көлемінде төлеу қарастырылған. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап шекарашылардың еңбекақысы 75 % көтеріліп, кем дегенде 200 000тг құрады. Сонымен қатар әскери қызметшілер және отбасы мүшелері әскери медициналық мекемелерде тегін қаралады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2017 жылдан бері тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамымен бірлесе жұмыс жасауда. 2018 жылдан бері аталмыш банк арқылы «Әскери баспана» бағдарламасы аясында ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментінің 200 ден астам әскери қызметшісі баспаналы болған. ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаменті 18 бен 30 жас аралығындағы еліміздің азаматтарын келісімшарт бойынша жұмысқа шақырады. Мекен жайымыз: Атырау қаласы, Жалаңтөс батыр 21 (Гайдара), байланыс нөмірі 87788008383. 8-7122-99-55-55