Құрманғазыда 20-ға жуық бала дағдарыс орталығында жүр

Құрманғазылықтар ауданға дағдарыс орталығы қажеттігін айтуда, деп хабарлайды AtyrauPress.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан басшысы Марат Мурзиевтің төрағалығымен әкімдік жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында отбасы-тұрмыстық салада жасалатын қылмыстар жөнінде мәселе талқыланды. Облыстағы дағдарыс орталығында Құрманғазы ауданынан жыл басынан бері зорлық-зомбылыққа ұшыраған 6 әйел 18 баласымен бірге орналастырылған. Өкінішке қарай бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп отыр. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова ауданымыздан дағдарыс орталығын ашудың маңыздылығын жеткізді. Комиссия төрағасы бұл ұсынысты толықтай қолдайтынын жеткізіп, оны іске асыру бойынша жұмыстарды зерделеуді тапсырды.