Қазақстандық вайнерлер қамауға алынды

Алматыда Mudarabaн Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, - деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі. "Тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Mudarabah Capital ісі бойынша күдікті вайнерлер неге қамауға алынбағанын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бүгінде 169 жәбірленуші бар, келтірілген залал мөлшері - 2 миллиард теңгедей. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылған, оның ішінде, танымал вайнерлер мен блогерлер де бар. Алтауы қамауда, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілзат кепілімен болған.