24 Қараша, 2022 188

Қазақстанда жаңа институт құрылмақ

 Қазақстанда жаңа институт құрылмақ

Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасы институты құрылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жаңа жоба жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беруге мүмкіндік береді. Бұл балалардың асырап алушы ата-аналарын тез тауып, үйде бейімделуі үшін қажет. Бұл туралы ОКҚ хабарлады.

«Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Президент атап өткендей, біз азаматтардың білімі, денсаулығы мен әл-ауқатына жауаптымыз. Бүгін елімізде бала асырап алудан бөлек, балаларды отбасына орналастырудың қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, патронаттық отбасы сияқты түрлері бар. Алайда балалар үйлерінде ауыр аурулары бар және дамуында артта қалған балалар қалады. Бұл балалардың отбасында тәрбие алу мүмкіндігіне ие болуы үшін денсаулық жағдайына қарамастан барлық баланы қабылдауға дайын кәсіби патронаттық отбасылар институты құрылады. Қазір Оқу-ағарту министрлігі кәсіби патронаттық отбасыларды заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмысымен айналысып жатыр», - деп айтты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Кәсіби патронаттық тәрбиешілерге қойылатын талаптарды, психологиялық дайындық бағдарламасын, әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер тізбесін және т.б. әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Балаларды кәсіби патронаттық отбасына 3 айға дейін қысқа мерзімге және 3 айдан кәмелетке толғанға дейін ұзақ мерзімге беруге болады деп жоспарланып отыр. Балаларды тәрбиелеуге беру келісім негізінде жүзеге асырылады. Асырап алушы ата-аналар балаларының санына және олардың отбасында болу мерзіміне байланысты өз еңбегі үшін ақы алады.

Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда ең жоғарғы жалақы — 700 мың теңге"

Кеше, 18:00

Карина Ибрагимова бокстан Олимпиада лицензиясын иеленді

Кеше, 17:41

Тамара Дүйсенова зейнетақыға қатысты мәлімдеме жасады

Кеше, 16:02

Бекәділ Шәймерденов Ханчжоудағы ойындарда «күміс» алды

Кеше, 15:01

Атырау жолы нашар өңірлер қатарына кірді

Кеше, 14:07

1 қазан – Радио қызметкерлері күні

Кеше, 13:26

Бүгін – қазыналы қарттар күні

Кеше, 12:28

Атырауда су добынан ел біріншілігі басталды

Кеше, 11:00

Стенд атудан ҚР құрамасы Азия ойындарында тағы жүлде алды

Кеше, 10:37

Велотректен Қазақстанның ерлер құрамасы – Азия ойындарының қола жүлдегері

Кеше, 09:03

Атыраулық жекеменшік спорт клубының тәрбиеленушісі Алматыда қаза тапты

30 Қыркүйек,21:34

Облыс әкімі Серік Шәпкенов ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

30 Қыркүйек,18:00

Атырауда түнгі тыныштықты бұзған мейрамханаға айыппұл салынды

30 Қыркүйек,16:33

Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды

30 Қыркүйек,15:00

Атырау қаласындағы «қоқыс коллапсы» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

30 Қыркүйек,14:11

Танымал әуе компаниясы балаларға арналған 50% жеңілдікті орындамаған

30 Қыркүйек,13:25

Биыл заңсыз айналымнан 745 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет меншігіне қайтарылды

30 Қыркүйек,11:52

Атырауда қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

30 Қыркүйек,10:38