21 Қараша, 2022 258

Қаладағы құрылыс қатаң қадағаланбақ

 Қаладағы құрылыс қатаң қадағаланбақ

Қалалық құрылыс кодексін әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңында» Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің өкілдері ZOOM арқылы бизнес қауымдастықпен пікір алмасты.

Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков агломерацияларды дамыту мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты. Тұтастай алғанда, «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң агломерацияларды дамыту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, елімізде агломерацияларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуіне құқықтық әрі ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталыпты.

Сондай-ақ ол қазір Қалалық құрылысы кодексі әзірленіп жатқанын, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары қарастырылатынын жеткізді. Осы арқылы әр қаладағы жер учаскелерінің функционалды интерактивті карталары мен коммуналдық желілердің сұлбасы жасалады. Осыған байланысты жер кадастрында өнеркәсіптік мақсаттағы учаскелердің карталары көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті сұлбаларымен толықтырылады. Бұл орайда құрамына ғылыми институттар мен бизнес қауымдастық өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылатынын айта кеткен жөн.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қалаларды кешенді салу стандарты әзірленді. Бұл қолға алынған шаралар халық үшін барлық әлеуметтік маңызды нысанды ескере отыра жайлы құрылысты жоспарлауға мүмкіндік береді деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда алғаш рет ұлттық киімдер шеруі өтті (+ФОТО)

Бүгін, 22:39

Рәміздер күніне орай белбеу күресінен біріншілік өтті

Бүгін, 18:27

Атырауда 12 кәсіпкер әйел өз бизнесін дамытуға көмек алады

Бүгін, 17:47

Атырауда жас ақындар мүшәйрасы өтті

Бүгін, 17:20

Республикалық пәндер олимпиадасы мен конкурстардың жүлдегерлері марапатталды

Бүгін, 17:00

Атырауда әкесі баласымен кездесе алмай жүр...

Бүгін, 16:23

Атырауда кортеж жасаған түлектер полиция басқармасына жеткізілді (+видео)

Бүгін, 16:22

Облыс әкімі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерін Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін, 16:10

Облыс әкімі Cерік Шәпкенов соңғы қоңырау шарасына қатысты

Бүгін, 14:50

Атырауда жұрттың үрейін ұшырған жол апаты болды (+ВИДЕО)

Бүгін, 14:10

Атырауда 5 күн су болмайды

Бүгін, 11:54

АМӨЗ балаларға қуаныш сыйлады

Бүгін, 11:09

Атырауда жәрмеңке ұйымдастыру 95 млн теңге тұра ма?

Бүгін, 11:00

Атырау облысының әкімі мерекемен құттықтады

Бүгін, 10:18

Президент Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін, 10:07

Тастанды бала, тасбауыр ана: Атыраудағы "Сәбилер үйінде" егіздер де бар

Бүгін, 09:30

Атыраулық жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін, 01:19

Атырауда орталық жол жабылады

Бүгін, 00:07