Махамбет ауылындағы апаттық үйдің тұрғындарына жаңа үйдің кілті табыс етілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тұрғын үйлердің кілтінМахамбет ауданы әкімінің орынбасары Алшынбек Мұқанғалиев пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Рамазан Тәжбентаев табыстады
- Махамбет аудандағы негізгі мәселелердің бірі – апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарын баспанамен қамту. 2023-2024 жылдар аралығында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған 24 азаматқа пәтер кілті табысталды. Енді міне Абай көшесі 169 үй, Қартқожақов көшесі 20 үй мекен-жайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарын қуантып жатырмыз. Алдағы уақытта тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасын табады., - деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Алшынбек Мұқанғалиев.
Айта кетейік, берілген жер үйлер тұрғындарға дайын күйде, меншік құқығын растайтын құжаттармен табысталды. Ал апатты үйлердің орындары тазаланып, мемлекет қажеттілігіне сай пайдаланылады.