Құрманғазыда 15 отбасы баспаналы болды

Ауданға қарасты Құрманғазы ауылында апатты деп танылған үйдің тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табысталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салттанатты іс-шараға Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

- Ауылымызда М.Гилаев көшесінде орналасқан көпкабатты Nº7 үйдің 15 отбасын қуантып, жаңадан салынған 3 бөлмелі баспананың кілттерін табыстадық . Бұл ресми түрде апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына үй кезегінен тыс беріліп отырған баспана, - деді аудан әкімі А.Жанғалиев.

Анықтама үшін: биыл ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әртүрлі топтағы азаматтарға арналған 95 пәтер сатып алынып, 10 отбасына берілді. Қалған 85 пәтердің кілті жыл аяғына дейін тұрғындарға табысталады деп күтілуде.