Қиғаш тұрғындарын қандай мәселе қинайды?

Аудан әкімі Абат Жанғалиевтің ауылдық округ халқымен кездесуі Қиғаш ауылдық округінде жалғасты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кездесуге аудан прокуроры Абзал Сахиев, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, жиын басында округі әкімі Марина Жунусованың есебі тыңдалды. Ауыл әкімінің баяндауынша, 2024 жылдың күзгі-қысқы дайындығы бойынша, Қиғаш ауылының су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жыл басында қаржы бөлініп, «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС мекемесімен жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қоса, ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қаржы қаралып, толықтай игеріліп, тал-теректер алынып, отырғызылған.

Сөз кезегі аудан басшысына беріліп, Абат Жанғалиев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Олардың қатарында спорттық, медициналық нысандар, табысталған ойын алаңдары, келер жылы жоспарланған жобалар да айтылды. Ауыл тұрғындары елді мекенге ауылішілік жол, жаңа мектеп салу, медпункттің қазіргі жағдайы, шабындық жер, пошта қызметіне қатысты бірнеше сыни пікірлер мен ұсыныстар жолдады.

Көптеген сауалға аудан басшысы өз тарапынан жауап қайтарды. Олар шабындық жерге байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша игерілмеген 17 000 га жерді қайтару жоспарланған болса, 68 403 га жер анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылған.

Одан бөлек, аудандық маңызы бар «Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4 разъезд-Қиғаш» автомобиль жолы турасында қазіргі таңда жүріп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст