Қараша айында аудан әкімі Полымбет Хасанов ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, ауданда жасалып жатқан жұмыстармен таныса алады.
✅ Зинеден ауылдық округі – 8 қараша, сағат 10:00-де, Зинеден ауылдық клубы.
✅ Исатай ауылдық округі – 8 қараша, сағат 15:00-де, Исатай ауылдық клубы
✅ Нарын ауылдық округі – 9 қараша, сағат 10:00-де, Нарын ауылдық клубы
✅ Жанбай ауылдық округі – 9 қараша, сағат 15:00-де, Жанбай ауылдық мәдениет үйі
✅ Қамысқала ауылдық округі – 10 қараша, сағат 10:00-де, Қамысқала ауылдық мәдениет үйі
✅ Тұщықұдық ауылдық округі – 10 қараша, сағат 15:00-де, Н.Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі
✅ Аққыстау ауылдық округі – 11 қараша, сағат 10:00-де, Жалын мәдениет үйі
Сондай-ақ, аудан әкімінің ауылдық округ тұрғындарымен кездесуін аудан әкімдігінің facebook, instagram парақшаларынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар.