Атырауға 128 этникалық қазақ отбасы қоныстанды

Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген 163 этникалық қазаққа "қандас" мәртебесі берілді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров мәлім етті.

- Биыл қыркүйек айына дейін елімізге қоныс аударғандардың дені  Өзбекстан, Түркіменстан, Украина, Қытай Халық Республикасы мен  Монғолия және Ресей Федарациясынан келген қандастар. Олардың ішінен Атырау қаласына 16 отбасы (21 адам) Жылыой ауданы мен Исатай ауданына 1 отбасы (1 адам), Құрманғазы ауданына 6 отбасы (14 адам), Махамбет пен Мақат аудандарының аймағына бір отбасыдан (1 адамнан) қоныстанды, деді М.Алдияров.

Айта кетейік, облыста қандастарды уақытша орналастыру орталығы жұмыс істейді. Бөлім басшысының айтуынша, қазір орталықта уақытша тіркеуде тұрғандар жоқ. Тиісінше жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3 қандас тұрақты жұмысқа орналасқан.