Биыл өңірде осал топтағы отбасыларға улы газды анықтайтын 1500-ге жуық құрылғы орнатылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ғабит Бабаев өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын 50-ден астам құрылғы орнатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Жылыту маумысы басталғаннан бері өкінішке орай қаламызда табиғи газбен улану фактісі тіркеліп келеді. Қазан айында 10 адам табиғи газбен уланып, бір адам қаза тапты. Өңірде осындай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін басқарма және «ҚазТрансГазАйма» тараптарынан барлық қауіпсіздік шаралары қатаң түрде жасалып отыр. Аптаның демалыс күндері арнайы мамандармен тұрғын үйлерді аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қағидаларын насихаттап келеміз, деді Ғ.Бабаев.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, әлеуметтің осал тобына жататын азаматтар тұрып жатқан 1500-ге жуық үй есепке алынған. Осы жылдың соңына дейін қалған дабыл қаққыштар орнатылатынын айтты. Сондай-ақ «ҚазТрансГазАйма» АҚ Атырау филиалының өкілі Орынтай Тлепбергенова, тұрғындарға жылыту қазандықтарындағы ақауларды уақытылы тексертуді және түтін мұржаларын жиі тазалап тұруды ұсынды.