Атырауда көп балалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 қазандағы №679 Жарлығына сәйкес, Атырау қаласынан 74 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Салтанатты рәсімде мемлекеттік марапаттарды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыстады.
- Көп балалы аналар – ел болашағын қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеудің шынайы үлгісі. Сіздердің аналық мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз әрқашан құрметке лайық. Мемлекет көп балалы отбасыларды қолдауға ерекше назар аударады, бұл марапаттар – соның дәлелі. Балаларыңыздың әрқайсысы еліміздің мақтанышы мен тірегі болсын!-деді Н.Ермұханов.
Бұл марапаттар аналардың ерен еңбегіне берілген лайықты баға және олардың ел дамуындағы рөлін ерекше айқындайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ